Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ресейдің неге Байқоңырдан кеткісі жоқ?

Фото: Сергей Савостьянов / ТАСС

Фото: Сергей Савостьянов / ТАСС

„Өзіміздің ғарыш нысанымыз іске қосылды, енді шет жерде тағы бір ғарыш айлағын жалдаудың қажеті бар ма.:„ деген сауалдан мақаласын бастаған Филипп Прокудин ары қарай Қазақстан тарапынан болған әр наразылық акциясын жіпке тізгендей тарихи хроникамен атап беріп отырады. Әлқиссаны 90-шы жылдардан бастаған ол, Байқоңырды жалға алу туралы келісімшарт жасалған 1995 жылға дейін ол нысанның қазақстандық әскерилермен талан-таражға түсіп, бүлінгені жайлы фактілер келтіреді.

„Байқоңырға көз тігушілер көбейген сайын зымырандарды ұшыру кезіндегі апаттар техникалықтан саяси мәселеге айнала бастады. 1999 жылы „Протонның„ екеуі апатқа ұшырады. Қазақстан билігі бұл мәселеге бірден назар аударып, Байқоңырдан кез келген зымыран-тасығыштың ұшырылуына тыйым салды. Сөйтіп Мәскеуден жалға алу бойынша қарыз ақшаны талап ете бастады, экологиялық қауіпті заттардың ұшырылуына квота енгізу мәселесін де көтерді. 2007 жылы қыркүйекте Жезқазған төбесінен тағы да „Протон„ құлады.

Бұл кезде осы аумақта ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев іссапармен жүрген еді. Астана бірден „Протондардың„ ұшырылуына тыйым салды. Біраздан соң „құнын төлеп, аяққа жығыл„ дегенді меңзеп қоғамдық қайраткерлер мәселе қаузай бастады. 2013 жылдың шілдесінде „Протон-М„ зымыран-тасығышы құлаған соң Алматыдағы Ресей елшілігі жанында наразылық акциясы өткізілді.

Плакаттта: „Ресейлік полигондарды жабу керек!, „Гептил — геноцид„ деген ұрандар алаулады.

„Антигептил„ қозғалысы құрылып, олар әлеуметтік желіде аса белсенді іс-қимылға көшті… Ақбөкендердің жаппай қырылуын да бізден көрді…

Ал Роскосмос өз кезегінде уланған жерді зарарсыздандыру жұмыстарын ұйымдастырды.

Алайда ресейлік ғарыш мекемесіндегі дереккөздер қазақстандық тарап Байқоңырдағы ұшуды жаңғыртуға еш асықпайтынын байқатқан. Мәселен, бұл ретте Роскосмос өкілінің пікірін тілші былайша келтіреді:

„Біздің көзқарасымызша, бұл арада мәселе біздің бір нәрсені дұрыс жасамай жатқанымызда емес, олар осылайша бізге қысым көрсетуге тырысып бағуда„

делінеді мақалада.

Сондай-ақ ол 2012 жылы Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаевтың Байқоңырға қатысты „1994 жылы жасалған келісімшарт ескірді„ деген, және де „Қазғарышсапары„ салалық кәсіпорнының басшысы Ғабдуллатиф Мұрзақұловтың 2010 жылғы „2010-2014 жылдарғы мемлекеттің ғарыш бағдарламасы „Байқоңыр„ ғарыш алаңының ақырындап Қазақстанның толықтай иелігіне өтуді қарастыратынына қатысты айтқан мәлімдемелеріне тоқтала кеткен.

Мақаланың соңында тілші:

„Ресейдің Байқоңырдан өз бетімен кете қоюы екіталай. Бұл Қазақстан тарапына да, Ресейге де тиімсіз.

Назарбаевтың өзі де  Восточный ғарыш айлағы ашылғанда мұны  мойындады. Сөйтіп, Қазақстан тарапынан бұл мәселеге қатысты наразалық акциясы да кілт тоқтады. Ал Восточныйдан ауыр зымырандар ұшыру, әзірге жоспарланбаған. Бұл тек 2026 жылы мүмкін болады. Восточныйдың салынуы қазақстандық тараптың наразылығына нүкте қоя алды. Сондықтан да ең құрымағанда, оның осы салмағын дұрыс бағалауымыз керек„ – деп түйіндейді өз ойын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз