Ресей мен Путинді сотқа берді. Украина аспанында атып түсірілген ұшақ дауы қайта өршіді

54 просмотров

Австралияның LHD заң фирмасы Украина әуесінен атып түсірілген МН-17 ұшағы жолаушыларының туған-туыстары атынан Адам құқығы жөніндегі Еуропалық сотқа құн сұрап, шағым жолдады. Онда көз жұмған 298 адамның әрқайсысына 10 миллион доллар өтемақы төлеу талап етілген. Бұл туралы Financial Times жазады.

06806D69-011A-4DC3-99D9-BB512BBE0AA9_cx1_cy10_cw99_mw1024_s_n_r1

„Біз ұшақты атып түсірген зымыранның Украина территориясында орналасқан орыстың ауыр техникасынан атылғанын дәлелдейтін 2 мың бетті қамтитын құжатты әзірледік. Бұл — фотосуреттер, куәгерлердің сөзі, бейнежазбалар және геолокациялық құрылғының көрсеткіші„ — дейді мақалада LHD фирманың арнайы кеңесшісі Джерри Скиннер.

„Скиннер жергілікті радиоға берген сұхбатында Австралия, Жаңа Зеландия және Малайзия елдеріндегі жеті отбасының 33 жақын ағайындарынан сотқа шағым түсірілгенін айтты. Ол бұл шараның басты мақсаты — қылмысқа күдікті Ресей мен Путинді жазалау„ деп жазады газет тілшісі.

Скиннердің пікірінше,

Ресейде мұндай нәрсе жоғарының рұқсатынсыз жүзеге асырылмайды.

„Жексенбі күні 22 мамырда РФ президентінің баспасөз хатшысы „Ресейде өтемақыға қатысты сот арызы туралы ешкім ешнәрсе білмейді деп мәлімдеді„ делінеді басылымда.

Басылым өткен жылы опат болған МН-17 ұшағына жауапты адамдарды жазалау мақсатында тәуелсіз трибунал құру туралы БҰҰ резолюциясына Ресейдің вето жариялағанын еске салады. Ал голланд мамандарының жүргізіп жатқан қылмыстық тергеу ісі әлі аяғына жетпепті.

AFP_Template_2014

2014 жылдың 17 шілдесінде Амстердам – Куала-Лумпур бағытын алған, «Malaysia Airliners» әуекомпаниясына тиесілі МН-17 жолаушылар ұшағы Украинаның Донецк облысына келіп құлады. Бұл кезде Украина территориясында жергілікті әскер мен сепаратистер арасында қарулы қақтығыс болып жатқан. Тергеу қорытындысы ұшаққа зымыранның тигенін нақтылады. Атып түсірілген ұшақта 298 адам болған. Оның басым бөлігі — голландықтар мен малайлықтар.

Халықаралық дауға ілінген бұл мәселе қазір халықаралық қауымдастық тарапынан қатаң бақылауға алынған.

Ал Ресей Федерациясы ұшақты атып түсірген орыс сепаратистері деген факті түгілі, Украинада қарулы қақтығысқа Ресей Федерациясының қатысы барын ресми мойындаған да емес.

Осы жағынан алғанда, бұл сот адам құнын даулау мәселесіне қатысты болғанымен, оның астарында да үлкен саясат жатыр. Онда да жуан білектілердің мүддесі…

Загрузка...