Ресей депутаты ағылшын жанкүйерлеріне тап берген орыс фанаттарын жақтап шықты

48 просмотров

РФ мемлекеттік думасының депутаты, Ресей футбол одағы атқарушы комитетінің мүшесі Игорь Лебедев ағылшын жанкүйерлерін төпеп тастаған ресейлік фанаттарды мақтап, қолдау білдірді.

Бұл туралы ресейлік саясаткер Твиттердегі жеке парақшасында жазды.

„Фанаттардың төбелесінен қорқынышты ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Керісінше, біздің жігіттер жарады. Осы беттеріңен қайтпаңдар!„ дейді әлеуметтік желідегі жазбасында ресейлік депутат.

Оның сөзіне сенсек, Марсель мен Францияның өзге қалаларында болған бей-берекетсіздік — фанаттардың кінәсінен емес, ол жергілікті полицияның осындай деңгейде шараны ұйымдастыра алмайтын қабілетсіздігінен туындап жатыр.

Сондай-ақ ресейлік депутат өз жерлестерін қаралап, даттап жатқан саясаткерлер мен шенеуніктерді түсіне алмайтындығын да айтқан. Оның пікірінше, ресейлік жанкүйерлерді қазір шенділер қолдауы керек, ал мән-жайдың анық-қанығы олар елге оралған соң анықтала жатады.

Футболдан Ресей мен Англия құрамалары Марсельде 11-маусымда кездесті. Осы матчқа дейін және ойыннан кейін де қос тараптың жанкүйерлері арасында үлкен қақтығыс орын алды. Кісі өлімі де тіркелді. Бұдан кейін Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы бұл жайт енді қайталанатын болса, екі құраманың Еуропа біріншілігінен шеттетіндігі туралы мәлімдеді.

Загрузка...