Ресей Байқоңырды пайдалануды жалғастыра бермек

35 просмотров

Ресей тарапы «Байқоңырды» пайдалану бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастырады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескеннен кейін РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенко мәлім етті.

Матвиенко

«Бүгінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану бойынша Қазақстан мен Ресей қатынастары екі тәуелсіз мемлекеттер ретінде жаңа құқықтық негізде құрылуда. Біздер 2050 жылға дейін «Байқоңырды» жалға алу туралы келісімді бекіттік, сондай-ақ ғарыш кеңістігін игеруде біздің бірлескен белсенді қызметтер үшін барлық құқықтық жағдайлар жасалды. Шынымен де жаңа «Восточный» ғарыш айлағынан зымыран тасығыштың ұшырылуы Ресей үшін үлкен оқиға болды. Бұл біз үшін өте маңызды. Дегенмен де

Байқоңырды» пайдалану бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты тоқтатпайтынымыз анық, —

деді В.Матвиенко.

Осы ретте ол «Байқоңыр» сұранысқа ие екенін және ұзақ уақыт бойы пайдаланылатынын атап өтті.

«Атап айтқанда, «Восточный» және «Байқоңыр» бәсекелес емес, бұл ғарыш айлақтары серіктестер. Сондықтан да біз Қазақстанмен бірлесе ғарыш бағдарламаларын игеріп, алға жылжимыз», — деді В.Матвиенко.

Загрузка...