Ресей қазақ етіне салған шектеудің күшін жойды

60 просмотров

2-қыркүйектен бастап Ресей Федерациясы Қазақстанның мал еті мен ет өнімдерінің өздеріне экспорталуына салынған шектеулерді алынып тасталды.

Бұл туралы ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екіжақты келіссөздер нәтижесінде, енді Қазақстан көрші елге ет өнімдерін сата алатын болды.

Сонымен қатар, Халықаралық эпизоотиялық бюроның Санитарлық кодексінің ұсынымдарына сәйкес, Россельхознадзор Қазақстан Республикасы Атырау облысындағы тораптық дерматиттің ошағының тіркелуіне байланысты қойылған шектеулері жеңілдетілді.

2016 жылдың 5 қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасынан (Атырау облысынан басқа аймақтардың барлығы) ірі қара мал мен одан жасалған барлық өнім түрлерін Ресей Федерациясына Халықаралық санитарлық кодексінің талаптарына кепілдік беретін ветеринарлық сертификаттары бар болған жағдайда, сонымен бірге міндетті түрде ірі қара мал және одан жасалған өнімдердің қазақ-ресей шекарасында орналасқан алдын ала тексеру пунктерінен өткізілген кезде және халықаралық санитарлық кодексінің талаптарын сақталынуына сәйкес экспортқа шығарылатын болады.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының аумағында пастереллез мен тораптық дерматит ошағының анықталуына байланысты Ресей Федерациясы ауылшаруашылық жануарларын және мал еті өнімдерінің экспортқа шығарылуына шектеулер қойған.

Загрузка...