Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ресей аумағынан шығарылатын еңбек мигранттары аштық жариялады

ҚБК төрағасының орынбасары Александр Смышляевтың айтуынша, комиссияға жүзге жуық адамның қолы қойылған ұжымдық хат түскен. Онда 20 адам аштық жариялағаны жазылған. Наразылық акциясы комиссия өкілдері орталыққа барған соң тоқтатылды.

Комиссия өкілінің айтуынша, шетел азаматтары елге қайтарылатын уақытты ұзақ күтіп қалғандарына наразылық білдірген. “Орталықта елден көшіру күнін наурыз айынан бері күтіп жүргендер бар. Соңғы үш айда ешкім үйлеріне қайтарылмаған”, – деді Смышляев.

Орталықта ине шаншар жер қалмаған, еңбек мигранттары болса адам төзгісіз жағдайға шағымданды. Мекемеде төсек, дәрі-дәрмек жетіспейді, қызметкерлердің аздығынан, мигранттарды таза ауамен демалуға шығармайды. Смышляевтың айтуынша, 65 адамға шақталған мекемеде қазір 107 адам тұрып жатыр, олардың арасында төрт әйел бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз