Рау неге өтірік айтты? Ресей зымырандары құлайтын аумақтағы 30 мың қазақ адам емес пе?

1 498 просмотров

Саясаттанушы Жандос Темірғали «Ресей зымырандары құлайтын аймақта тұратын халық саны соншалықты көп емес» деген Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Раудың сөзіне күмән келтіріпті. 

Сонымен не керек, Қазақстан Ресейге 63 мың гектар жерді жалға берді. Ойлап көріңізші, 63 мың гектар! Және дәл осы алып аумаққа Байқоңырдан ұшқан Ресейдің радиоактивті зымырандарының сынықтары мен қалдықтары құлайтын болады. Осы үшін Кремль Қазақстанға жыл сайын 460 мың доллар өтемақы төлеп тұрмақ…

«Мәселе зымыран қалдықтарының құлау траекториясының өзгеруінде. Яғни, бұрын олар Жезқазған аумағына құлап келген болса, енді Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданы және Қостанай облысындағы Жангелді аудандарының аумағына құлайтын болады».

«Мен картаға қарап көрсем, ракеталар құлайтын жақта елді-мекендер сонша көп те емес екен. Сондықтан зымырандар құлайтын аумақта тұратындар Ресейдің бюджетке төлеген қаражаты есебінен, әлеуметтік проблемаларын шешуге мүмкіндік алады»

— дейді Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау. 

Раудың сөзіне күмәнданған мен статистикаға үңілдім. Ресми дерек бойынша Жангелді ауданында 13, 738 адам, ал Ырғыз ауданында 15,544 адам тұрады екен… 

Сосын Ресей Қазақстанға жыл сайын төлейтін өтемақы дәл осы ракеталар құлайтын аймақта тұратын халыққа берілетіндігіне Альберт Рау қандай  кепілдік бере алады? 

Загрузка...