Радикализмді насихаттаған екі қырғыз Ресейден жер аударылды

37 просмотров

Қырғызстанның екі азаматына айыппұл салынып, Ресейден жер аударылды. Олар радикалды исламды насихаттаған деген күдікке ілінген.

Ресейлік федералдық қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, бұл екі азаматқа Ресей аумағына кіруге бес жылға тыйым салынды. Олардың есімдері жарияланбады. Қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, олар Ресейдің Челябі облысында тұрғындар арасында салафизм идеяларын насихаттап келген.

Бұрынғы кеңес елдерінің бірқатарында исламның бұл бағыты экстремистік деп танылған. Салафшылар исламның сүнниттік бағытының қатаң түрін ұстанады, басқа бағыттарды, мысалы шиіттерді және сопыларды мойындамайды.

Биыл Қазақстанмен және ресейлік Башқұртстанмен шекаралас Челябі облысында радикалды исламды насихаттаған бірнеше адам ұсталып, жазаланды.

Загрузка...