ҚР Жоғары сот төрағасы Қайрат Мәми: Менің айлығым — 1 миллион 100 мың теңге

458 просмотров

Соттардың жалақысы құпия емес, олар жыл сайын өздерінің табысы туралы декларация өткізеді.

Zakon.kz порталындағы интернет-конференция кезінде сұрақтарға жауап берген ҚР Жоғары сот төрағасы Қайрат Мәми өзінің жалақасы туралы айтты.

„Мен 1 миллион 100 мың теңге айлық аламын. Соттардың жалақысы құпия емес, олар жыл сайын өздерінің және отбасы мүшелерінің табысы туралы декларация өткізеді„ деді ол.

Загрузка...