Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары жария болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары “Хабар” агенттігі” акционерлік қоғамының тілшісі Мұхтар Ибраймовқа әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформаларды, Мемлекет басшысының бастамаларын жариялап-көрсеткені үшін және “Свобода слова” қоғамдық-саяси апталығының тілшісі Вера Ляховскаяға республиканың әлеуметтік-мәдени өміріне арналған жарияланымдары үшін табыс етілмек.

“Дойче Альгемайне Цайтунг” газеті шығармашылық ұжымына қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі, жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын жариялап, көрсеткені үшін;

“Сыр медиа” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шығармашылық ұжымына әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің іске асырылуын, мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті дамытуды белсенді түрде жариялап, көрсеткені үшін;

“Қазақ радиосы” радиостанциясының шығармашылық ұжымына әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін;

“РИКА-ТВ” телекомпаниясы шығармашылық ұжымына өңірлік журналистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы алғысы жарияланды.

365info.kz ұжымы өз кезегінде үлкен мараптқа ие болған әріптестерін кәсіби мерекесімен және еңбектерінің жемісімен шын жүректен құттықтайды!

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз