ҚР Орталық Сайлау комиссиясы Нұрлан Нығматулинді депутат ретінде тіркеді.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Қазақстан Респуликасы Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Респуликасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 97-1 бабының 6 тармағына сәйкес «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімі негізінде Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді.
Алдында біз ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулиннің ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып тағайындалуы ықтимал деген болжамды жариялағанбыз.