Асқар Мамин ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған Елбасының жарлығында айтылды.
“Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын”, – делінген хабарламада.
Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келді. Целиноградтың инженерлік-құрылыс институты мен Ресейдің Плеханов атындағы экономикалық академиясын тәмамдаған. 2008 жылдың сәуір айынан бері “Қазақстан Темір Жолы” АҚ басқармасының төрағасы болды. Алдында Астана әкімі, Көлік және коммуникациялар министрі болған (2005-2006).