Елімізде Инвестициялар және даму министрлігіне қатысты тергеу жүріп жатыр

36 просмотров

Министрлік бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы өрескел бұзды деп айыпталады.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Инвестициялар және даму министрлігіне қатысты бәсекелестік қорғау саласындағы заңнаманы өрескел бұзғаны үшін тергеу жүргізіп жатқаны хабарланады.

„Тергеу бәсекелестік қорғау саласындағы заңнамалардың өрескел бұзылуына қатысты қозғалып отыр. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мемлекеттік орган ретінде нарықтың жекелей субъектілеріне жеңілдік немесе басқа бәсекелестеріне қарағанда айырықша жағдай жасау арқылы артықшылық ұсынып, алалаған деп айыпталады„ делінеді баспасөз баянында.

Загрузка...