ҚР Энергетика вице-министрі тағайындалды

29 просмотров

2016 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ғани Қалыбайұлы Сәдібеков Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

79be8b03561a3941e7e8f285a53e5dae

Ғани Сәдібеков Қазақ мемлекеттік басқару академиясының экономикалық факультетін, сонымен қатар Қырғыз мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді. Еңбек жолын Алматы облысының «Салқын-саз» кооперативінен бастап, кейін Алматы қаласы Совет ауданының әкімдігінде шаруашылық есеп қызметінің директоры және аталған мекемеде инфрақұрылымды және әлеуметтік саланы дамыту бөлімінің меңгерушісі болған.

2004 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспектор, кейін Алматы қаласының аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы, сонан соң ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балхаш-Алакөл экологиялық департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облыстық әкімдігінде аппарат басшысы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары және Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы үлкен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, Ғани Сәдібековке ҚР Энергетика министрлігінде экология мәселелеріне жетекшілік ету тапсырылып отыр. Ол 2015 жылдың тамыз айынан бастап бос болған лауазымға тағайындалды.

Загрузка...