Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылып, басшысы тағайындалды

299

1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, оған:

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінен – діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, діни сенім бостандығына азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы салаларындағы;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен – жастар саясаты саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын және құрылған мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;».

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мемлекет басшысы сондай-ақ «Н.Б. Ермекбаевты Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

“Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылсын”, – делінген Жарлық мәтінінде.

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев 1963 жылы туған.

1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Мәскеудегі Әскери Қызылтулы институтының шығыс тілдері факультетін тәмамдаған.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін бітірген.

Орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін меңгерген.

Саяси ғылымдардың кандидаты.

І-сыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық рангі бар.

1984-1985 ж.ж. – Ангола Халық Республикасында қызметтік іссапарда болды.

1986-1996 ж.ж. – КСРО Қарулы Күштері Бас штабы жүйесіндегі бөлімдерде қызмет етті.

1991 ж. КСРО ҚК қатарынан босатылған соң сыртқыэкономикалық компанияларды басқарған.

1993-1995 ж.ж. – Қытай Халық Республикасындағы Қазақстанның Сауда өкілдігінің аға сарапшысы.

1996-1997ж.ж. – Австриядағы Қазақ сауда үйінің Алматы өкілдігінің директоры

1995-1996 ж.ж. – Алматы сауда-қаржы банкі басқарма төрағасының кеңесшісі.

1997-1999 ж.ж. – «ЮНИТЭК ЛТД» ЖШС директоры.

1999-2001 ж.ж. – «Қазақстанның халық банкі» ААҚ-ның Қытай Халық Республикасындағы өкілдігінің басшысы.

2001-2003 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2003-2004 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Сингапурдағы уақытша сенімді өкілі (Дипмиссия басшысы).

2004-2006 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2006-2007 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2007-2010 ж.ж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары.

2010-2012 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2012-2014 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2012-2013 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2012-2014 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Корея Халықтық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2014 жылдың қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

Дипломатиялық рангы – Төтенше және өкілетті елші.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз