ҚР Ауылшаруашылығының бірінші вице-министрі тағайындалды. Ол – Қайрат Айтуғанов.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Алдында ол ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары қызметінде болған.
Қайрат Қапарұлы 1962 жылы 12 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтының Көкшетау филиалын және 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын бітірген.