Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Путин: Жапониямен даулы жерге байланысты келісімге келуге болады

133

Солай дей тұра, Путин Ресей аумағын Жапонияға беру мүмкіндігін жоққа шығарды. “Біз аймақты саудаға салмаймыз”, -деп атап өткен ол, мәселе екі тарап та жеңген, жеңілген сезімде болмайтындай жолды іздеу керек деді.

Таяуда жапониялық БАҚ егер Оңтүстік Курил аралын Ресей Жапонияға беретін болса, Токио тұрғындарды көшірмей, сол аймақта қала беруді үсынады деп жазған болатын. Осының алдында белгілі болғандай, Жапония Курил аралындағы даулы жер мәселесінің шешімі табылмаса да, Алыс Шығыстағы ресейліктерге экономикалық көмек көрсететінін мәлімдеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында ССРО-ның Жапонияның Курил тізбегіндегі төрт аралды тартып алуы күні бүгінге дейін екі елдің қарым-қатынасын қиындатып келеді. Әлі күнге дейін бұл жерге қатысты бейбіт келісім жасалған емес.

E822F420-D3BF-4E5D-8F30-FB8A92D62B88_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз