Путин Түркиямен экономикалық байланысты жаңғырту бойынша келіссөз жүргізуге уәде берді

38 просмотров

Ресей Президенті Владимир Путин түркиялық әріптесі Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Өзара әңгіме барысында мемлекет басшылары көзбе-көз кездесетін болып шешті.

Бұл туралы Түркия президентінің ресми сайтындағы мәліметке сілтеме жасап, Би-Би-Си Орыс қызметі хабарлайды.

Әңгіме барысында Владимир Путин Ресей үкіметі екі мемлекеттің арасындағы сауда-саттық, экономикалық әріптестіктерді жаңғырту бойынша түрік билігімен келссіөз жасайтындығына уәде берді.

Кремльдегілер Ресей туристерінің Түркияға саяхаттауына салынған шектеу шараларын алып тастауды да жоспарлайды.

„Алайда түрік үкіметі Түркия территориясындағы ресейлік азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауы керек„ делінеді Кремльдің мәлімдемесінде.

Сөз барысында Ресей президенті Владимир Путин 41 адам мерт болған Ыстамбұлдағы Ататүрік атындағы әуе-жайдағы терактіні қатаң сынға алды. Путин мен Ердоған лаңкестікпен күрес керек екенін нақтылады.

Алайда екі мемлекет басшысының жоспарлаған кездесуі қашан болатындығы, әзірге белгісіз.

Загрузка...