Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Путин Түркияға туристік жолдамалар сатуға салынған тыйымды алып тастады

Жарлыққа сәйкес, Ресей үкіметіне Түркияның сыртқы экономикалық қарым-қатынастары мәселесіне байланысты келіссөз жүргізу тапсырылған. Оның аясында Түркиядан енетін кейбір импорттық тауарларға шектеу жойылуы мүмкін.

Бұған дейін Путин елшілердің қатысуымен өткен жиында Мәскеу Анкарамен екіжақты ынтымақтастықты қайта жандандыру үшін бірқатар шаралар қабылдайтынын айтқан болатын. Премьер-министр Дмитрий Медведев болса, санкцияларды алу ресейлік өндірушілерге кесір тигізбеу үшін кезең-кезеңімен жүзеге асатынын мәлім еткен.

Түркияға қарсы санкциялар аталған елдің әуе әскерлері күшінің ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіргеннен кейін енгізілген. Түркия ресейлік ұшақ шекара бұзды десе, Ресей оны мойындамаған болатын.

27 маусым күні Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған атып түсірілген ұшаққа қатысты өз өкінішін (Кремльдің нұсқасы бойынша – кешірім сұраған) жеткізіп, Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екендігін айтқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз