Путин Су-24 атып түсірілгелі бері алғаш рет Түркияға барды

84 просмотров

Ресей президенті Владимир Путин Дүниежүзілік экономикалық конгресс жұмысына қатысу үшін Стамбулға барды, деп хабарлады «Интерфакс».

Ресей басшысы Су-24 әскери ұшағы атып түсірілгелі бері бірінші мәрте Түркияға жұмыс бабымен барды. Стамбулда Путин Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездеседі деп жоспарланған.

Ресейлік Су-24 әскери ұшағы былтыр қараша айында Cирия-Түркия шекарасына жақын маңда атып түсірілді. Ұшақтағы ұшқыш қаза тапты. Түркия билігі ұшақ елдің әуе кеңістігіне басып кірді деп мәлімдеді. Бұл айыптауларды мойындамаған Ресей Анкараға қарсы санкциялар енгізді.

27 шілдеде Ердоған Путинге жазған хатында ресейлік ұшқыштың қазасына орай көңіл айтты. Содан кейін Кремль санкциялардың жартысын алып тастады. Тамыз айында Петербургте Путин мен Ердоған мемлекеттер арасындағы жанжалдан соң алғашқы келіссөздерін өткізді.

14567569_667654576724576_8356292633187914049_o7

Загрузка...