Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Путин Олимпиада ойындарының ашылуына бармайды

Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейрода 5-21- тамыз аралығында өтеді. Кеше ХОК Ресейдің барлық спортшыларын ойыннан шеттетпеу жөнінде шешім шығарды. Тек осыған дейін допинг қолданған спортшыларды ғана қатыстырмайды. Сонымен бірге допинг жанжалына қатысы бар шенеуніктерге де аккредитация бермеді.

Мұның алдында халықаралық жарыстарда ресейлік жеңіл атлеттерді жарыстардан шеттеткен. Осы жолы суға секірушілер, жүзушілер және тенисшілер олимпиадаға қатысады.

18 шілдеде жарияланған Бүкілдүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) баяндамасында ресейлік допингке қарсы зертхана спортшылардың тыйым салынған препараттарды қолданғанын қасақана жасырып келгенін, әрі бұл іске Ресейлік ФСБ-ның қатысы барын айтқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз