Путин: «Обаманы қойшы сол…»

134 просмотров

Ресей президенті Владимир Путин Сириядағы қантөгісті тоқтатып, саяси процесс бастау мүмкін болмай отыр дейді. Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы ол «Валдай» халықаралық дискуссия форумында мәлімдеді .

Путин АҚШ президенті Барак Обамамен жеке келісімі жүзеге аспай қалғанын жариялады. Оның айтуынша, ұзақ уақытқа созылған келіссөздерден соң терроризммен күресетін ортақ майдан құрылғандай көрінген, бірақ ол жүзеге аспады. «Құрама Штаттар президентімен жеке келісіміміз де іске аспады», деді ол.

Путиннің мәлімдеуінше, АҚШ-тың қазіргі әкімшілігімен жұмыс істеу оған қиынға соқты, өйткені ол келісімдерді, соның ішінде Сирияға қатысты келіссөздерді орындамады. Путин америкалықтар таңдайтын жаңа президентпен әріптестік орнатуға және кез-келген мәселені талқылауға дайын екенін мәлімдеді.

Ресей басшысы Мәскеудің америкалық сайлау науқанына араласты дегенді тағы жоққа шығарды. Ол Дональд Трампты сайлаушыларды ерекше әдістермен жаулап алушы саясаткер деп атады.

d2cdaa82-2b6e-4858-a4bb-6bc3fab82ce7_w987_r1_s

Загрузка...