Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Путин мен Сауд Арабиясының мұнай келісімдері Ақ үйдің қытығына тиуде

133

«Кеңестік» Сауд Арабиясы

КСРО күйреуі қарсаңындағы кезеңді еске алмай, Сауд Арабиясы басшыларының мұнай бағасы құлдыраған кезде елді қалай басқарып отырғаны туралы оқудың өзі қиын. Мұнайы бар әр елді осы тақырып ойландыруға тиіс. Ал Сауд Арабиясына жалпы мұндай салычстырулардан сақтанған жөн. Неге дейсіз бе? Өйткені оның экономикасы әртараптандырылмаған. Бұл елдегі баға құрылымы тиімсіз. Субсидия таратуда ел үкіметі жомарттық танытып отыр. Заманауи түсініктегі салық жүйесі атымен жоқ.

Мұнай сатудан түскен қолма қол ақша КСРО-да болғандай, көп мөлшерде және жаппай халық игілігіне жұмсалуда

Елде саяси өкілділіктің байыпты тетіктері жоқ. Ондаған жылдардан бері қартайған династияның басқаруы жаңа буын тарапынан билікке деген наразылықтар тудыруда. Осындай сүреңсіз картинаны қоғамның этникалық бөлінушілігімен және ел экономикасындағы орасан зор үлесті қорғаныс пен армия алып отырғанымен толықтыруға болады. Бұған экспорттық түсімнің күрт азаюын қоссаңыз, халықтың жүйелік дағдарыстың болу мүмкіндігінен неге қорқып отырғанын түсінесіз.

1455730804405-e1456907454579КСРО-мен салыстыруға тек осы қиындықтар мүмкіндік беріп отырған жоқ. Саудиттердің қиындықтарды қабылдау мәнері де кеңестік болып табылады: олардың заманауи әлемнің бір бөлігі болу ниеті, экономиканы тиімді ету және жекешелендіру — Горбачевтың 1987 жылы шыққан «Перестройка — новое мышление для нашей страны и мира» кітабын қаз қалпында еске түсіреді. Осындай салыстырулар жасау үшін, шахзада Мухаммада бин Салманның 2015 жылғы желтоқсандағы The Ecomonist басылымына берген сұқбатын оқысаңыз да жеткілікті. 1987Жылы КСРО-да және әлемде Горбачевті оның саяси реформалары үшін мазақ қылған адамдар жеткілікті болған еді. Ондай адамдар желтоқсан айында өткен сайлауға алғаш рет әйелдер қатысқан Сауд Арабиясында да жетіп артылады.

file-25-Defense-Minister-Prince-Mohammed-bin-Salman-1Сауд Арабиясы стратегиясының КСРО-ныкінен бір ғана айырмашылығы бар — сыртқы саяси бағдары. Горбачев елдегі КСРО-ның өзгеруі, бірінші кезекте, бүкіл әлемде әлемнің өзгеруін және АҚШ-қа қарай алғашқы қадам жасау қажеттігін айтқан пікірлермен келіспеді.

Сауд Арабиясы басқа жолды таңдады — Иранмен конфронтацияға бару және Йеменді интервенциялау

The Ecomonist журналы Мухаммад бин Салманмен болған сұқбат барысында оған елге ішкі саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін халықаралық саясатта біртоға болу қажеттігін жеткізген-ді. Алайда Горбачевтің әлжуаз сыртқы саясаты оның елдегі танымалдығын қалай әлсіреткені біздің есімізде. Әлемге Горбачев сыйлаған бейбітшілік оны КСРО-дағы либералдардың да, консерваторлардың да сеніміне айырды, сол сәтте Горбачев керек емес сияқты көрінген-ді. Сауд Арабиясының кғөшбасшысы өзгерістерді қалайды, бірақ оларды бақылауда ұстауға ниетті, міне, сол үшін оған әлемдегі ахуалдың тым қауіпті болмағаны қажет — шиеленіс ошақтарының да өз пайдасы болады

Басқа мұнайлы мемлекеттер көшбасшылары да Сауд Арабиясы тартылған қақтығыстардың өшпеуіне мүдделі

Бұл қаншалықты мұңды болса да оларды шын мәнінде өз жағдайын нығайтуға пайдалануға болады.

Путиннің салтанаты және Ақ үйге ескерту

Бірнеше соңғы аптада Путин Путин зор табыстарға қол жеткізді — ол Сауд Арабиясымен мұнай өндіру деңгейін тұсаулауға қол жеткізіп, АҚШ-пен Сириядағы қантөгісті тоқтатуға келісті. Атап айтарлығы, осы кезде барлығы энергетикалық нарықта бағалардың кезекті рет төмендейтінін болжалаған еді.

Ресей мен Сауд Арабиясының келісімін басқа ойыншыларда қабылдауға мәжбүр боолды, ал, Иранның мұнай және газ министрі бұл келісімді «сандырақ» дегенде бағалар әлі құлап жатқан еді. Ал одан кейін мұнапй және газ министрі сөз сөлеп, әлемді

Сауд Арабиясының мұнай бағасын 20 долларға дейін құлдыратуға дайын екендігі, егер қажет болса, бұдан да күрделі геологиялық-техникалық жағдайда мұнай өндіріп жатқан компанияларды бизнестен шығарып тастауға әрқашан дайын екендігін мәлімдеді

АҚШ армиясы мен барлауы басшылары келіссөз туралы өздерінің жағымсыз бағалауын жеткізсе де, осымен бір мезетте АҚШ-тың және Ресейдің сыртқы істер министрлері Керри мен Лавров Сириядағы соғысты тоқтату жөнінде келіссөздер жүргізген болатын. АҚШ-тың қорғаныс министрі Эштон Картер бұл келісімдерді «қулық» деп атады, бұл турасында «The Journal» басылымына Ақ үйдегі дереккөзі жеткізді. Атап айтарлығы, министр Картер, бірлескен штаб бастықтары комитетінің жетекшісі генерал Данфорд және Орталық барлау басқармасының бастығы Джон Бреннан президент Обамаға Ресеймен келісімге келу АҚШ-тың аймақтағы одақтастық қарым-қатынасқа қауіп төндіреді деген үндеу жолдады. Оның орнына олар Ресейге қарсы қосымша экономикалық санкциялар енгізуді және Сирияда президент Башар Асадқа қарсы шыққандарға қолдау көрсетуді ұсынды.

234682670Путин Асад үшін ұзақ, әрі қанды, әрі қымбат кампанияға дайын екенін танытты. Осы орайда, The Journal басылымындағы жарияланымдар Мәскеуге АҚШ-тың армиясы мен барлауында жаңа бітіспес жаулардың пайда болғанын көрсетті, олар Путинді келіссөздер бойынша сенімді серіктес емес, аймақтағы бүлдіруші күш ретінде есептейді. Сондай-ақ The Journal басылымы Ақ үйдегі дереккөзінің „орыстарға неғұрлым көп қасірет келтіруді„ дайындап жатқаны туралы сөзін келтірді.

Әрине, Пентагон, Орталық барлау басқармасы және Сауд Арабиясы осы жолда алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе алмауы да мүмкін, бірақ олар туралы Путиннің білгені маңызды.

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз