27 қазан, бейсенбі күні Ақ үй өкілі Джош Эрнест Ресей президенті Владимир Путиннің танымал америкалық саясаткерлер компьютерлерінің бұзылуына Ресейдің қатысы жоқ деп айтқанын жоққа шығарды.
“Обама әкімшілігі, президент Путиннің жоққа шығаруына қарамастан, ресейлік хакерлердің АҚШ президентін сайлау науқанына араласқанына әлі де сенімді”, – деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест.
Оның айтуынша, “әкімшілік ұстанымы америкалық барлау қауымдастығының қорытындысына сүйенеді”. “Ресейлік хакерлік – тынышсыздық көзі. Сол себепті президент пен оның көмекшілері бұл шабуылдарға Құрама Штаттардың қалай жауап беру керектігін зерттеп жатыр”, – деді Обаманың баспасөз хатшысы.
Вашингтонның ресми мәлімдемесінен соң, көптеген америкалық комментаторлар Путиннің көмекшісі Владислав Сурковтың электрондық поштасының бұзылуы – ресейлік хакерлердің әрекетіне жауап болуы мүмкін деп болжады. Жарияланған хаттарда Кремльдің Украинадағы жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттері туралы мәліметтер бар.