«Протон-М»-ның айыппұлы төленгенде халық жерді жалға беруден қорықпайтын еді – Қызылорда

42 просмотров

Қызылорда облысында өткен жер реформасы бойынша қоғамдық комиссияның кезекті отырысында 2013 жылы апатқа ұшыраған «Протон-М» зымырантасығышы үшін айыппұл төлеу мәселесі көтерілді.

Қызылордалықтардың айтуынша, осыдан үш жыл бұрын болған апат үшін айыппұлды төлеттіріп алғанда халық жерді жалға беруге болатынына сенім білдіретін еді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Осыдан үш жыл бұрын Байқоңыр ғарыш айлағында Протон құлады. Мемлекет комиссия құрып, соған байланысты тиісті жұмыстарды жүргізді. Нәтижесінде Ресей жаққа комиссияның шешімі жетіп, айыппұл салынды. Бірақ, өкінішке қарай, Қазақстанға сол айыппұл әлі төленген жоқ. Осы орайда жерді шетелдіктерге жалға беру бойынша халық арасында үрей бар. Билік Протон апаты үшін айыппұлды төлеттіргенде халықтың үрейі азаяр еді. Сондықтан жер шетелдіктерге сатылмасын, жалға берілмесін», — дейді қызылордалықтар.

Айта кетейік, 2013 жылы үш «Глонасс-М» аппараты бар «Протон-М» зымырантасығышы апатқа ұшыраған болатын. Оның бортында 600 тонна гептил, амил мен керосин болған. Сол кезде шығынның көлемі 90 млн. долларға бағаланған. Алайда ол айыппұл төленбеді.

Загрузка...