Продюсер Баян Есентаева жұмысқа кірісті (видео)

141 просмотров

Баян Есентаева жұмысқа кірісіп, өзі жетекшілік ететін топтардың жаңалығын бөлісіп жатыр.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Маусымның 10-ы күні болған қанды оқиға Баян Есентаеваның туған туысқандарын да, барша қазақстандықты да алаңдатты. Бірі тез сауығуын тілесе, енді бірі керісінше мұны әділеттілікке балады. Десе де, продюссер небәрі 10 күннің ішінде денсаулығының жақсарғанын айтты. Арада бір жарым ай өткен соң іске кірісті.

Болған оқиғаны кіші қызы Айару Бақытбек қабылдай алмай жүрсе керек. Ол өзінің инстаграм желісіндегі парақшасынан әкесінің суреттерін толықтай өшіріп тастаған. Оның қиналып жүргенін Баян Мақсатқызы да сезген-ді. Айаруды әке-шешесімен бірге шетелге жіберуді жөн көріпті.

“Жаз нағыз демалатын уақыт. Айару ата-анаммен бірге Rixos Premium Belek кешеніне демалуға барып, “The Land of Legend” саябағында көңіл көтермек. Демалысы туралы Айарудың өзі толығырақ айтып береді. Оның парақшасын жіті бақылап отырыңыздар. Ол жерде позитивтің көп болары анық!”, – дейді Баян Есентаева.

Скоро яркий трек от @lashyn_official

A video posted by Bayan Yessentayeva (@bayanyessentayeva_) on

Продюсер қызының көңілін аулап қана қоймай, жұмысқа кірісіп кеткенін де байқатты. “Жуырда “Лашын” тамаша ән ұсынады”, – деп жазып, бейнебаянның үзіндісін жүктеген.

Желі қолданушылары оның “онлайн әлемге” қайта оралғанына қуанып қалды. “Баян, сіз үшін қуаныштымыз! Бағындырар белестеріңіз алда екеніне сенімдімін. Жаңа бейнебаянды асыға күтеміз”, “Сізге денсаулық пен сұлулық қана тілейміз! Ал қыздарыңыз табысты болсын! Оларға сіздің аман-есен жүргеніңіз сый ғой”, “Жазылғаныңызға қуаныштымын, жаратқан ұзақ ғұмыр берсін! Бақытты болыңыз”, – дейді олар.

Загрузка...