Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Приозерскте ұлын өртеп жіберген адам қайтыс болды

Бұл туралы Балқаш ауруханасындағылар айтқан. Жан сақтау бөлімінің қызметкерлерінің айтуынша, ер адам денесінің 90 пайызын күйік шалған, оған қоса 4-қабаттан секіргенде де қатты зақым алған.

Еске сала кетелік, қыркүйектің 11-інен 12-сіне қараған түні Приозерскте отбасылық жанжалдан соң ер адам ұлының екеуінің үстіне бензин құйып, от қойған. Одан кейін отағасы ашық тұрған терезеден секіріп кеткен. 8 жастағы бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар улы газдан жоғары қабаттағы пәтердегі екі адам қайтыс болды.

Бұл оқыс оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз