Бүгін алтыншы сайланған ҚР Парламентінің екінші сессиясы ашылды. Сессияның ашылу барысына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
Конституцияның 59-бабына сәйкес, алтыншы сайланған Парламенттің екінші сессиясын ҚР Президенті ашық деп жариялады.
Жаңа сессияның ашылуы Қазақстанның Әнұранын орындаумен басталды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әнұранды өзі де қосылып, бірге шырқады. Сосын жаңа сессияның ашылуына қатысты сөз сөйлеуге кіріспес бұрын Елбасы қатысып отырғандарға ескерту жасады.