Елбасы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинді қабылдады.
Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.
Кездесу барысында әкім Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Ақмола облысында өнеркәсіп саласында өндірістің нақты көлем индексі 106,пайызға жетіп, республика бойынша көшбасшы көрсеткішке айналды.
Индустрияландыру картасы аясында 62 жоба жүзеге асырылған. 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Жыл аяғына дейін тағы 20 жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі ұлғайғаны туралы да хабардар етті өңір басшысы.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 4,2 миллион гектар болса, соның 3,8 миллион гектарына астық егілген.