Порошенко Сирия мен Украинаны Ресейдің полигонына теңеді

42 просмотров

Украина президенті Петр Порошенко сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде Сирия мен Украинаны Ресейдің жоспарлары жүзеге асатын полигонына теңеді.

Украиналық президенттің айтуынша, Сириядағы ресейлік әскери қимылдар оған Украинадағы жағдайға ұқсап кетеді. Порошенконың мәлімдеуінше, екі жағдайда да Ресей қарулы жанжалдың тұтануына ықпал етіп, кейін сол жанжалдың арасына түскен. Ол жанжалға қатысушы тараптардың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде вето құқығынан айыруға шақырды.

Донбастағы жанжал 2014 жылы көктемде Қырымның ресейлік аннекциясынан кейін басталды. Киев және Батыс елдері Ресейді сепаратистерді қарумен қолдады деп айыптап отыр. БҰҰ мәліметі бойынша, Донбастағы жанжал басталғалы бері 9600-дан астам адам қаза тапты.

cdfd6a45-e67d-4d17-a371-995e7f62d6c3_w987_r1_s

Загрузка...