Польша құрамасының диск лақтырушысы Петр Малаховски әлем таңғалған лайықты қадам жасауда, ол өзінің олимпиадада ұтқан медалін көз торының қатерлі ісігіне шалдыққан науқас баланы құтқару үшін сатуға ұйғарды.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
«Риодағы жеңісімнен маған бұл керемет баланың денсаулығы маңызды. Барлықтарыңызды бәссаудаға қатысуға шақырамын, сіздердің көмегімізбен менің күміс жүлдем оған алтыннан құнды денсаулық сыйлайтын болады», – деп жазды спортшы Facebook-тағы парақшасында.