Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Құпия. Ресей Нидерландыға Украинада құлаған МН17 ұшағының мәліметтерін жіберді

111

2014 жылдың 17 шілдесінде Амстердамнан Куала-Лумпурға қарай бет алған “Боинг-777” ұшағы Украинаның шығысында атып түсірілді. Борттағы 298 адамның бәрі қайтыс болды.

Биыл қыркүйек айының аяғында Нидерланд прокуратурасының төрағалық етуімен Халықаралық тергеу тобы апат салдарының ресми қорытындысын жариялады. Баяндамада «Боингті» құлатқан “Бук” зенит зымыраны Украинаға Ресейден әкелінгені айтылды. Зымыран ресейшіл сепаратистердің бақылауындағы Первомайский ауданынан ұшырылған. Баяндамада күдікке ілінген азаматтардың жалпы саны – 100 адам.

Кремль болса баяндаманы шындыққа сәйкес келеді деп айтуға болмайды деп мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрлігі мәлімдеме бір жақты жасалған деп баға берді.

d1819160-493d-4f54-ae0d-e8032f9367a3_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз