Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Петропавлда ең үздік оперға „Нива„ көлігінің кілті табыс етілді

111

Өңір басшысының алғыс хаты облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Думан Таевқа, Петропавл қаласы ішкі істер басқармасы полицияның бірінші бөлімінің аға жедел өкілетті уәкілі Ерболат Қаптаевқа табыс етілді.

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы жас опер, полиция лейтенанты Әділбек Жарасовқа „Нива„ көлігінің кілтін салнатты түрде табыс етті. Ол „Жұмысындағы үздік„ конкурсындағы опер болып танылды.

Петропавл қалалық ішкі істер департаменті полиция бөлімінің оперы Әділбек Жарасов 2014 жылы ғана ҚР Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясын тәмамдаған. Осы қысқа уақыт ішінде ол өз жұмысында жақсы жағынан көрініп, кәсібінің үздігі екенін дәлелдеп үлгерген жас.

„Жыл басынан бері облысымызда 5 мыңға жуық қылмыстың беті ашылды. Әр жұмыстың артында оперлардың атқарған үлкен жұмысы тұр„ – деді Думан Таев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз