Петербургте Өмірәлінің өліміне қатысты іс қылмыс құрамының жоқтығынан жабылды

65 просмотров

Санкт-Петербургте бес айлық Өмірәлі Назаровтың өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды. Көші-қон заңдарын бұзды деген күдікпен ұсталған анасынан ажыратылған бала ауруханада белгісіз себептермен көз жұмған еді.

«Тергеу барысында көші-қон қызметі мен полицияның қызмет бабын асыра пайдаланғаны анықталмады. Бала өліміне себеп болатын әрекеттер тіркелмеді», — делінген Петербург қаласының Тергеу басқармасының баспасөз қызметі.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, бала өліміне цитомегаловирустық инфекцилар және тұмау себеп болған. Науқастанған баланың жүрек-тыныс жетіспеушілігі қозған, соңы өлімге алып келген, делінген сарапшылар қорытындысында.

«Кісі өліміне әкелетін қандайда бір сыртқы факторлар анықталмады. Медициналық көмектің жетіспеушілігі байқалмады», — делінген тергеу басқармасының хабарламасында.

2015 жылы 13 қазанда Санкт-Петербург полициясы көші-қон ережелерін бұзды деген күдікпен Тәжікстан азаматтары Далер Назаров пен Зарина Юнусованы ұстады. Оларда тіркеу құжаттары болмай шықты. Екеуін уақытша ұстау камерасына отырғызып, бес айлық баласы Өмірәліні күшпен тартып алды. 14 қазанда бала белгісіз себептермен көз жұмды.

f7510406-92db-4504-9e6b-6a668c8a98ec_w987_r1_s

Загрузка...