Петерборда ТМД-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлері кездесті

26 просмотров

Санкт-Петербург қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы аяқталды.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырысқа Достастық елдерінің ішкі істер министрлері, полиция басшылары, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру жөніндегі Бюроның және ТМД Атқарушы комитетінің басшылық құрамы қатысты.

Делегация басшылары Достастық елдерінің жаңа қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлерінің ынтымақтастығы мен өзара іс-қимыл жасасуының перспективасын, сондай-ақ мемлекетаралық қылмысқа қарсы күрес бағдарламаларының іске асырылу барысын талқылады.

Сонымен қатар отырысқа қатысушылар автокөлік құралдарының ұрлығына, жаңа психикалық белсенді, психотроптық заттар мен есірткілердің,сол тектес қауіпті химиялық заттардың айналымына қарсы іс-қимыл саласында ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін қарады, сондай-ақ халықаралық бұқаралық спорт және бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде спорт командаларының ресми емес жанкүйерлер бірлестіктерінің мүшелері тарапынан болатын құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мәселелерінде бірлескен жұмыстың жоспарлары талқыланды.

Отырыс шеңберінде ТМД-ның құрылғанына 25 жыл толуына және ТМД-ға қатысушы Ішкі істер министрлері кеңесінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар бойынша мәселелер қосымша қаралды.

Отырыста қарастырылған мәселелер бойынша тиісті шешімдері қабылдады. Делегацияның басшылары осы сала қызметін реттейтін бірқатар құжаттарды мақұлдады.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің келесі кезекті отырысын 2017 жылдың маусымында Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) өткізу жоспарланды.

Загрузка...