Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Педофил массажист екен. Балабақшадағылар зорланған бүлдіршінге „етеккір келді„ деп бой бермейді

135

Бұл жайт Сарыағаш қаласындағы емдеу-сауықтыру орталығында 2015 жылы маусымда орын алыпты. Зорлау фактісі бойынша тергеу ісі қозғалған, алайда оны қылмыс дәлелдері жоқ болғандықтан жауып тастаған.

„Енді мен қоғамға үн тастаудан басқа жолды көріп отырғаным жоқ.Педофилді тауып, жазалау үшін біздің құқыққорғаушылар ЕШТЕҢЕ істемеді. Ол әлі бостандықта қылмысын жалғастырып жүр.

Бәрінен масқарасы қылмыскердің қыздың сөйлей алмайтындығын пайдаланып кеткені. Бірақ бүлдіршін педофилді көрсе, ышқынып, шыңғырып жылай береді. Педофил массажист болып істеген балабақша басшылығы да оңбаған болып шықты.

Олар зорлық фактісін екі күн жасырған. Баладан қан кету тоқтамай, ол басы айналып құлай берген соң, мәселе белгілі болып қалады. Ал анасын олар Алты жастағы қызыңызға етеккір келе бастады деп сендіруге тырысқан. Сондықтан бұл істің жабылуына олардың да қатысы болуы әбден ықтимал„ деп жазады Facebook-тегі жеке парақшасында тегін қызмет көрсетуді ұсынған адвокат Даурен Момбаев.

Адвокат тергеуші қажетті сараптамаларды тағайындамаған, баланы гинекологқа қаратпаған, тіпті қылмыскердің ізі бар баланың қан болған жатар киімі қайда екенін де білмейді деп нақтылайды.

„Жыныс органына орындық-төсектің қатты тиюінен бүлінуі мүмкін деп қорытынды берген сарапшылардың әрекеті мені қатты таң қалдырды. ҚР Бас прокуратурасына жаздық. Онда да бір-біріне сілтеу. Облыстық прокуратураға жазыңдар дейді. Оны да жаздық. Тіпті, жауап бергілері де келмейді.

Балалар омбудсмені-сымақтардың барлығы қайда кеткен? Балалардың құқығын қорғау жөніндегі парламенттік комиссия деген қайда ? Бар ма, өздері?

Шындық. Ақиқат қайда? Бұл жайт ешкімді бей-жай қалдыра алмайды деп ойлаймын. Қоғамдық ұйымдар, барлығыңыз бұл мәселеге ат салысыңыздаршы?..„ деп жазады Дәурен Момбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз