Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Педагогтар мен медиктер Израильде тағылымдамадан өтетін болды

Халықаралық бағдарламалар орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, меморандум мақсаты білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде, өзара қызығушылық танытатын мәселелер бойынша ХБО АҚ және ТАУ арасындағы қызметтестікті орнату және ықпал ету болып табылады. Атап айтқанда, серіктестік шеңберінде Израильге Қазақстаннан  ғылыми, педагог және медицина қызметкерлерінің тағылымдамадан өтуі бойынша қысқа мерзімді оқу бағдарламалары ұйымдастырылады, сондай-ақ курстар, семинарлар, тренингтер мен білім саласындағы Израиль тәжірибесін зерделеу бойынша мастер-кластар өткізіледі деп күтілуде.

Астанадағы Қазақстан мен Израильдің іскерлері мен ғалымдарының қатысуымен өткізілген меморандумға қол қою шарасын Қазақстан Республикасындағы ТАУ достары қауымдастығы ұйымдастырды.

Қол қою рәсімінің қатысушылары меморандум шеңберінде өзара іс-қимылдың үлкен перспективаларын атап өтті. Бүгінгі күні ТАУ әлемдік деңгейдегі инновациялық кәсіпкерліктің жоғары оқу орны болып табылады. ТАУ-дың Инновациялар және кәсіпкерлік орталығы Израиль үкіметімен тығыз байланыста, әлемнің басқа да институттарымен және зерттеу орталықтарымен, өнеркәсіптік компанияларымен ынтымақтастықта жұмыс жасайды.  Сонымен қатар, ТАУ-да Ramot  коммерциалау кеңсесі мен StarTAU кәсіпкерлік орталығы жұмыс жасайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз