Павлодарда үздік теміржол қызметкерлері марапатталды

41 просмотров

Павлодарда көлік қызметкерлері күніне орай үздік теміржолшылар марапатталды.

Өзінің әріптестерін құттықтауға Павлодар теміржол бөлімшесінің бұрынғы басшысы, құрметті теміржолшы Әби Сарқыншақов келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

— Индустрияның дамуының бастауында тұрған теміржолшы ардагерлерді құттықтап, осы салада еңбек ететін әйелдер қауымының жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қазіргі таңда ұжымның жартыдан астам бөлігін нәзік жандылар құрайды.

Алғаш рет теміржолшылар 1896 жылы 28 маусымда бекітілген. Алайда бүгін біздің мереке күнтізбеде қызылмен белгіленбеген. Сондықтан көлік қызметкерлері күнін атап өтеміз, — деді құрметті теміржолшы.

Бұл күні үздік қызметкерлер төсбелгілермен, грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды. Еркін Қасымов, Александр Музыка «Құрметті теміржолшы» белгісіне ие болды.

Айта кетерлігі, соңғы жылдары Павлодар теміржол бөлімшесі жоғары жетістіктерге қол жеткізуде. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша салмағы жеті тонна 357 пойыз құрастырылып, нәтижесінде 321 тонна артық жүк тасымалданған

Загрузка...