Павлодарда лаңкестікті насихаттап, қарулы қақтығыстарға қатысу үшін Сирияға аттанбақ болған азамат сотталды. 22 жастағы жігіт ендігі 4 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.
КТК арнасының хабарлауынша Былтыр Алматы қаласындағы діни медреселердің біріне түскен ол, кейін оқуын тастап Павлодар облысына қайтып келген.
Тура жолдан таюына туған ағасы себеп болса керек. Сирияда жүрген сол бауыры соғысқа шақырып, жолақысы ретінде 300 доллар жіберген. Осы ақшамен Қырғызстанға жеткен күдіктіні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері шекарада құрықтады.