Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Павлодарда өрт салушы азамат ұсталды (видео)

Тәртіп сақшыларын көрген өрт салушы сіріңкесін тастай салып, тұра қашқан. Алайда құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны бірден ұстады. Сондай-ақ, мекеме басшысының айтуынша, мамыр айының 1 мен 25 аралығында қалада жеті өрт тіркелген. Оның төртеуі мемлекеттік орман қорына тиесілі, ал үшеуі қала аумағында болған. Мемлекеттік орман қорының 20 гектар жері қызыл жалынның астында қалған. Келтірілген шығын 150 мың теңгені құрады. Бір қызығы, “Паша” жасаған қылмыстарының бәрінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып отырған.

“Барлық өрт күндізгі 12.00 мен 15.00 аралығында жасалған, ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап отыр. Бір апта бойы орманшылар түскі уақытта қала сыртын қарауылдап, қылмыскерді қолға түсірді. Пашаның айтуынша, оған шөпті жағып, өртке қарап тұрған ұнайды”,- деп атап өтті А. Жүсіпов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз