Павлодарда мемлекеттік бағдарламаның арқасында тағы 270 отбасы жаңа үйге қоныстанды

21 просмотров

Павлодарда «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Қазақстан ипотекалық компаниясының желісімен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар арасында жалпы алаңы 14,3 мың шаршы метр болатын, академик Қаныш Сәтпаев көшесіндегі екі 9 қабатты тұрғын үйлердегі пәтерлерді бөлді.

Бұл 270 пәтер, олардың 108-і бір бөлмелі пәтерлер, 108-і екі бөлмелі пәтерлер және 54-і үш бөлмелі пәтерлер.

Павлодарлықтар қоныстанған үй Қазақстан ипотекалық компаниясы және « Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарымен, мемлекеттік бағдарлама операторларымен салынды және ондағы пайдаланылған құрылыс материалдарының (кірпіш, арматура, бетон) 80 пайызы отандық өндірушілердікі, барлық пәтерлер таза әрленген түрде тапсырылды.

on7a7889

Жалдау төлемі 1 шаршы метр үшін 840 теңгеден аспайды. Қазақстан ипотекалық компаниясы және «Бәйтерек девелопмент» бірлескен жобалар аясында 1,5 мыңнан асатын қазақстандық отбасылар жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілді және 2016 жылы бірлесіп салынған объектілер аяқталғанда тағы 1,5 мың қазақстандықтар пәтерлердің кілтін алады.

Тұрғын үйді пайдалануға беру бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері республика бойынша жалға берілетін тұрғын үйдің жалпы алаңы 500 мың шаршы метрден аса немесе 8 мыңнан аса пәтерді құрады. Тұрғын үй алаңдары Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Өскемен, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз қалаларында, сонымен қатар Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға енгізілді. Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері барлығы 5 жыл ішінде жалға берілетін тұрғын үйдің 1,4 млн шаршы метрді беру жоспарланып отыр.

Загрузка...