Павлодарда ұлын жоғалтқан ата-ана жұрттан интернет арқылы көмек сұрады

56 просмотров

Павлодарда 5 маусым күні белгісіз себептермен жоғалған Бауыржан Нұрмахамбетовтың ата-анасы елден көмек сұрады. Оның видеосы интернет желісіне орналастырылды.

Нұрмұхамбетов үйінен кетерде ата-анасымен қатты ренжіскен екен. Соның салдарынан үйге келуге бата алмай жүрген болуы мүмкін. Дегенмен, оны біреулер құлдықта ұстап отыруы да ықтимал деген болжам бар.

Бауыржанды Екібастұз маңынан көргендер бар көрінеді.

Бауыржан мен әкесі жер үй тұрғызып жатқан. Жоғалардың алдында үстіне ақ-көк сызығы бар футболка, спорттық шалбар және қоңыр жеңіл аяқ киім киген. Қалтасында шамамен 2-3 мың теңгесі болған. Әлеуметтік желіде тіркелмеген, ұялы телефонын үйге тастап кеткен.

Загрузка...