Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Павлодарда үйдің ауласынан көне қорым табылды

157

Аумақты түгел тексерген археологтар үй маңынан тағы екі адамның қаңқасын тапқан. Сондай-ақ, қола сақина, белдік сияқты заттарды анықтаған. Археологтар көне қорым табылған жерде әлі де қазба жұмыстары жүріп   жатыр. Сондықтан Павлодар тұрғыны үйін сатпақ түгілі, құбыр жүргізу жұмыстарын доғаруға да мәжбүр.
Мамандар „анықталған адам қаңқалары 8-10 ғасырда өмір сүрген қимақтарға тиесілі„ деп топшалап отыр.
Ғалымдардың айтуынша, өңірде әлі де сыры ашылмаған қорымдар көп. Әзірге, екі қаңқаның жынысын анықтаған.

«Болжам бойынша, мына адамдар көне түркі елінің адамдары. Өйткені ер адамның денесімен бірге жылқы да көмілген», – дейді С.Торайғыров атындағы ПМУ археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Виктор Мерц.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз