Павлодар облысының Шарбақты ауданында 24-қазан күні сағат 10-да өрттен көз жұмған 48 жастағы ер адамның денесі табылды.
Бұл туралы Рavlodarnews.kz хабарлады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Шарбақты ауылында «Урицкий көшесі, 39» мекенжайы бойынша орналасқан екі бөлмелі үйде орын алып, 10 шаршы метр аумақты шарпыған.
– Тілсіз жау сағат 11.18-де ауыздықталып, сағат 13.59-да толық өшірілді. Қызыл жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар бөлімінен екі техника мен жеке құрамнан алты адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, – дейді баспасөз қызметінің қызметкері Абылайхан Құсанов.