Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Павлодар жылу электр орталығында апаттан зардап шеккен әйелдің халі мүшкіл

134

Қазіргі таңда науқас ауыр жағдайда Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Марат Кенжеғалин, қалалық №1 ауруханасы күйік бөлімінің меңгерушісі:

– Науқас күйікпен бірге түрлі дене жарақаттарын алған. Оқиға кезінде сол аяғының балтыры зақымданып, сол жақ қабырғалары сынған. Жағдайы өте ауыр, ес-түзсіз жатыр.

Қазіргі таңда құзырлы мекеме өкілдері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Ал еңбек инспекторлары өндіріс орнында болған жағдайды анықтау үшін комиссия құрды.

Саят Асайынов, қала прокурорының орынбасары:

– Оқиға болған жер толық тексерілді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетейік, бұл үшінші жылу электр орталығындағы бірінші оқыс оқиға емес. Осыдан екі жыл бұрын дәл осындай жағдай орын алған болатын. Салдарынан бір жұмысшы көз жұмған еді. Сонымен қатар облыс орталығының тең жартысы электр қуатынсыз қалған.

Үшінші жылу электр станциясы «Павлодарэнерго» акционерлік қоғамының құрамына кіреді. Бұл қазандық 1978 жылы іске қосылған. Соңғы рет 5 жыл бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде апатты қазандықтың жұмысы тоқтап тұр. Меруерт Әбдіхалық, «Павлодарэнерго» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы: – Бұл дерек бойынша арнайы тергеу комиссиясы құрылды. Алдағы уақытта оқиғаның орын алу себептері анықталады. Жыл басынан бері Ертіс өңірінің өндіріс ошақтарында 112 оқыс оқиға тіркелген. Салдарынан 131 жұмысшы зардап шегіп, 20 адам оқиға орнында көз жұмды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз