Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Андрей Попов пен қоғамдық құтқарушы Александр Вотчинов Ақтоғай ауданына қарасты Ертіс өзеніне секіріп кеткен ер азаматты ажалдан аман алып қалды.
Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, pavlodarnews.kz хабарлайды.
– Құтқарушылар 34 жастағы ауыл тұрынын судан алып шықты. Өмірімен қоштасайын деген азамат алкогольді ішімдікті көп ішкендіктен, өзінің не істеп жатқанын білмеген, – деп жазылған хабарламада.