Павлодар облысында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы парамен ұсталды

33 просмотров

Павлодар облысының Баянауыл аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Абылайханов парамен ұсталды.

Бұл туралы биылғы жылдың алты айлық қорытындысы бойынша өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті тергеу басқармасының жетекшісі Руслан Куватов мәлім етті деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

— Шенеунік біреуге жер телімін алып беру үшін 250 мың теңге сыйақы сұраған. Абылайханов параны алып жатқан жерінен сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі мамандарының қолына түскен. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды, — дейді Руслан Куватов.

Биылғы жылы алты айдың ішінде Павлодар облысында жемқорлыққа байланысты 32 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл — өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір адамға артық көрсеткіш. Тағы екі іс қазір өндірісте қаралып жатыр. 34 қылмыстың 23-і пара алу бойынша болса, қалғаны пара ұсыну фактісі болып келеді.

Загрузка...