Павлодарға Ресейдегі 10 қазақ отбасының көшіп келгісі келеді

65 просмотров

Ресейдің Волгоград облысында тұратын ағайындар Екібастұз өңірінде ауыл шаруашылығын дамытуға дайын.

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Екібастұз ауылдық аймағында кәсібін табысты дөңгелеткен шаруашылықтардың бірі – «ЭМПК» серіктестігі. Соңғы жылдары мұнда мал басын асылдандыру жұмыстарына баса мән берілуде.

— Жем-шөп базасын нығайту – басты міндеттердің бірі. Ет бағыты бойынша жұмыс атқарып жатқандықтан, мал азығының сапасы назардан тыс қалмауы тиіс. Бұл ретте, 540 гектар суармалы алқапты іске қостық. Мал шаруашылығымен қатар, өсімдік шаруашылығын дамытуды жоспарлап отырмыз.

Соңғы жылдары «Қазагроқаржы» серіктестігі арқылы жаңа технологияларға қол жеткіздік. Мәселен, «Reinke» маркалы суарғыш машинасы сатып алынды. Түйе өсіріп, шұбат өндірісін жандандырудыда мақсат етудеміз. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды анық сезініп отырмыз, — дейді «ЭМПК» ЖШС-нің директоры Татьяна Шрайнер.

Мұнда Ресейдің Волгоград облысынан қоныс аударып, мал шаруашылығымен айналысуды мақсат еткен азаматтар аз емес. Солардың бірі — Сембай Ысқақов. Оның айтуынша, Ресейдегі қандастарымыз (шамамен 10 отбасы) Отанына оралып еңбек еткісі келеді.

Барлығы да зоотехник, агроном және механизатор мамандары бойынша білім алғандар, дейді ол. Облыс әкімі Болат Бақауов өңірде бірқатар ауыл шаруашылығы мамандарының тапшылығы байқалатынын айтты.

Бұл ретте, Ресейде жүрген дайын қандас мамандарды елге шақырып, жұмысқа орналастыруға бар күшін салатынын жеткізді.

Загрузка...