Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.
“Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2016 жылғы 17 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын”, – делінген құжатта.