Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қоян-қолтық ұрыс чемпионатында қарағандылық инспектор бірінші болды

155

2016 жылдың 17-21 қазан аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қаласында қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өткізілді. Оған еліміздің барлық өңіріндегі ішкі істер департаменттерінің қызметкерлерінен жасақталған 23 команда қатысты.

Жеке біріншілікте 60 келіге дейін салмақтық санатта бірінші орынды Мерей Жұбанов иеленіп, чемпион атанды.

Мерей спортта көптеген жеңіске қол жеткізген. Полиция кіші лейтенанты Жұбанов ММА халықаралық санаттағы спорт шебері, қоян-қолтық ұрыс, Джиу-джитсу, самбо, панкратион, грепплинг бойынша спорт шебері болып табылады. 2013 жылы ММА Әлем біріншілігінің қола жүлдегері, 2009 және 2012 жылдардағы ережесіз ұрыс бойынша Евразия біріншілігінің екі мәрте күміс жүлдегері болған.

Сонымен қатар, Мерей Сакенұлы республикалық облыстық қоян-қолтық ұрыстары бойынша бірнеше мәрте жеңімпаз және жүлделерге ие.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз